Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС кепілге алынған мәйіттерді беруді кешіктіріп жатқандықтан, Израиль Газаға сес көрсетті

Израиль мен ХАМАС

Фото: Doaa Albaz/Middle East Images/AFP/Getty Images

ХАМАС кепілге алынған бір адамның денесін Израильге тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Табыт Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері арқылы берілді.

Атысты тоқтату келісіміне сәйкес ХАМАС кепілге алынған 27 адамның денесін Израильге қайтарып, 20 тірі кепілді босатуы керек еді.

Соңғы тірі израильдік кепілге алынғандар 13 қазанда тапсырылды, бірақ 16 қазанға дейін Израиль тек тоғыз табыт алған.

ХАМАС келісімді орындағанын мәлімдеді, бірақ қалған мәйіттерді алып шығу үшін "арнайы техника" қажет.


ХАМАС барлық израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді


"Бәрі соғысқа дайындалып жатыр": Сербия президенті әлемнің қақтығысқа дайын тұрғанын айтты


Кешігулер кезінде Израиль қорғаныс министрі Исраэль Катц ұрыс қайта басталуы мүмкін екенін ескертті.

"Егер ХАМАС келісімді орындамаса, Израиль АҚШ-пен келісе отырып, Газа секторындағы операциясын қайта бастайды", – деді Израиль қорғаныс министрі.

Еске салсақ, Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келген еді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 18 Қазан, 2025 10:35
Талқылау