ХАМАС барлық израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді
Фото: EPA
Палестиналық ХАМАС ұйымы ұстап отырған барлық израильдік тұтқындарды, тірілерін де, қаза болғандардың денелерін де қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Бұдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израильді тұтқындарды босатуды қамтамасыз ету үшін Газадағы соққыларды дереу тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына cілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ президенті Трамп ХАМАС-қа ультиматум қойып, ұйымға Газада бейбітшілік жоспарын 5 қазан кешке дейін қабылдауы немесе жойылуға тиіс екенін айтқан еді.
3 қазанда кешке әлеуметтік желілерде ХАМАС ұйымының мәлімдемесі жарияланды. Онда ұйым Трамптың және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуның мақұлдаған жоспарының кейбір тармақтарын орындауға дайын екенін білдірді.
"Соғыс әрекеттерін тоқтату және Газадан әскерлерді толық шығару үшін қозғалыс барлық израильдік тұтқындарды, тірілерін де, қаза болғандарының денелерін де президент Трамп ұсынған айырбас формуласы бойынша босатуға келісімін білдіреді", – делінген мәлімдемеде.
ХАМАС сондай-ақ босату рәсіміне қатысты делдалдармен келіссөздерді дереу бастауға дайын екенін жеткізді.
Израильдің премьер-министрі Дохаға жасалған соққы үшін Катардан кешірім сұрады
Бірқатар елдерден кейін Португалия да Палестинаны ресми мойындады
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жоспарын қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Таяу Шығыста бейбітшілік орнату және мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға маңызды қадам деп бағалайды.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
