Halyk онлайн мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету рейтингінде көш бастады
Цифрландыру Қазақстанның ең мықты тұстарының бірі болып саналады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз жаһандық рейтингтерде тұрақты түрде көш бастап келеді. 2024 жылы Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 4 позицияға жоғарылап, (E-Government Development Index, EGDI) 193 мемлекеттің ішінде 24-орынға ие болып, үздік 25 елдің қатарына кірді. Еліміздің жақсы нәтижелерге жетуіне ықпал еткен маңызды фактордың бірі – онлайн қызметтер индексі (Online Service Index, OSI) деп жазады Finprom.kz.
Басылымның мәліметінше, бұл индекс бойынша Қазақстан технологиясы дамыған Жапония сияқты елдерді басып озды. Бұл көрсеткіш азаматтардың цифрлық қызметті емін-еркін қолдана алатынын білдіреді.
Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің цифрлануында азаматтарға және кәсіптерге онлайн платформа арқылы мемлекеттік қызметтің кең ауқымын алуға мүмкіндік беретін, инновациялы шешімдерді белсенді түрде енгізіп жүрген банк секторы маңызды рөл атқарады. Halyk сияқты Қазақстанның ірі банктері қолданушыларына ыңғайлы жүйесін ұсынып, өз қолданбасының функциясын кеңейтіп жатыр.
Finprom.kz рейтингіне сүйенсек, Қазақстандағы ең көп мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Halyk экожүйесі көш бастап келеді. Қазір банктің мобильді қолданбасынан 60-тан астам мемлекеттік қызметті алуға болады. Олардың ішінде некені тіркеуге өтініш беру, құжаттарды ауыстыру, жүргізуші куәлігін рәсімдеу, салық декларациясын тапсыру, оған қоса ЖШС/ЖК ашу, заңды тұлғалар туралы мәлімет алу және тағы басқа кәсіпке қатысты қызмет түрлері бар.
"Біз клиенттерімізге қаржылай және қаржылай емес күнделікті қажетін бір қосымша арқылы іске асыруға мүмкіндік бергіміз келеді. Қаржы технологиясы саласындағы сарапшылардың біздің өнімді жоғары бағалауы – командамыздың екінші деңгейлі банктер арасында ең ыңғайлы онлайн жүйені ұсынудағы еңбегінің көрсеткіші. Бүгінде бізде 60-тан аса мемлекеттік қызмет бар, олардың үштен бірі тек біздің қосымшада қолжетімді. Тек 2024 жылдың өзінде клиенттеріміз Halyk-тың цифрлық мемлекеттік қызметтерін 17 миллион рет пайдаланды. Алдағы жылы біз осы бағыттағы ұсыныстарымызды одан әрі кеңейтеміз, клиенттеріміздің уақытын және ресурстарын үнемдеп, ең ыңғайлы қызметті ұсынуды жалғастырамыз", – деп Halyk төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.
Halyk қосымшасында пайда болған жаңа қызметтерге ерекше назар аудару қажет. Олардың ішінде 075/У формасы бойынша медицина анықтамасын алу (денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы) және аурухана парағын рәсімдеу бар. Бұл мүмкіндіктер қазақстандық азаматтардың күнделікті мәселесін интернет арқылы шешуді одан әрі ыңғайлы ете түсті.
Осылайша, Қазақстан цифрлық болашаққа сенімді түрде қадам басып келеді. Бұл үдерісте GovTech технологияларын азаматтар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы етіп отырған Halyk сияқты банктердің маңызы зор.
Қазақстанның мұндай рейтингтерде жоғары позицияда болғаны – мемлекеттік құрылымның және азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін технология шешімдерін белсенді түрде енгізіп жатқан жеке сектордың үйлестірілген қызметінің нәтижесі.
* Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 23 маусымында Бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды және қызметті жүргізуге берген № 1.2.47/230/38/1 лицензия