AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтың ақшасын босқа шашты": ДСМ жарамдылық мерзімі өтіп баратын Pfizer вакцинасы үшін сынға қалды

“Денсаулық сақтау министрлігі халықтың ақшасын босқа шашты!” Белгілі қоғам қайраткері, БАҚ-тағы экономикалық шолушы Денис Кривошеев ведомствоны осылай деп сынға алды. Ол жарамдылық мерзімі өтіп баратын Pfizer вакцинасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Pfizer вакцинасының 1,1 млн дозасы жақында қоқысқа кетуі мүмкін. Қайта денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мұның қандай тосынсый болатынын алдын ала ескеріп, 500 мың дозаның жарамдылық мерзімі маусым айының соңында, ал 600 мың дозаның мерзімі шілде айының соңында өтетінін ескертті.

Расында Ғиният вакцинаның уақытында керек жерде қолданылатынына күмән келтірмейді. Ал мен келтіремін", - деп жазды Кривошеев Facebook-тегі парақшасында. 

Белсендінің бұлай деуіне негіз де жоқ емес. Өйткені коронавирус дерті бүгінгі күні аса өзекті емес. Оны тек саяхатқа шығатындар қажет етеді. Кезінде "вакцинаға қарсымыз" деп атойлаған белсенділердің өзі бұл тақырыпқа аса қызығушылық танытпайды, дейді маман. 



"Бұл әрине, масқара! Осыдан бірнеше ай бұрын мен "Большая неделя" бағдарламасында ведомстводан болмайтын нәрселермен айналыспай, қалаған адамның бәріне, тым болмағанда ақылы түрде вакцина салдыруға мүмкіндік беруді сұрадым. Барлығына бірдей "Спутникті" тықпалаудың қажеті жоқ. Мамандардың өзі бұл Қазақстанда өндірушінің қызығушылығын лоббилендіруге ұқсайды деген еді", - дейді Кривошеев.

Спикердің пікірінше, бұл экс-министр Елжан Біртанов отставкаға кетіп, артынан қамалғаннан кейін мемлекетке таңылған саясат.  

"Ол кісімен әңлімелескенімде, Израильдің соңынан еріп, ешкімді күтуге ниетті емес екенін, нарықта бірінші болып өнімін ұсынып, ДДСҰ мойындаған вакцинаны сатып алатынын айтқан еді. Мұндайды олигархтар кешірмейді", - дейді Кривошеев.

Спикер ақырында халықтың ақшасы қоқысқа кететінін өкінішпен айтты. Сонымен қатар, ол мерзімі өткен вакциналардың жойылғанына көз жеткізу керектігін ескертті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр