Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықты тонауды қоймапты": Айнұр Тұрсынбаеваның су жаңа кәсібі қызу талқыға түсті

Танымал психолог, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның су жаңа бизнесі ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Психолог-коучтың сөзінше, туған бауырларымен бірге зауыт ашып, халықты жұмыспен қамтитын көрінеді. 

“Позор болып басқа елдің “сетевойында” жүрмейік. Қазақтың тұңғыш классикалық маркетингпен құрылған компаниясына тіркелу басталды. 1 миллион табысты 3-4 айда табуға болатындай маркетинг жасадық. Мықты тауар айналым жасағандарға бонусқа баспана берілетіндей жүйе құрдық. Яғни біздің компанияда жұмыс істегендерге үй, көлік ала алатындай барлық жағын қарастырып қойдық. Компанияның ашылуында 10 мың адам тіркелді. 600 адам кезекте тұр. Жақындаған сайын көбейіп келеді”, – деп жазды айтыскер ақын.



Дегенмен желі қолданушылары компанияның болашағына күдікпен қарайтынын жасырмады. 

"Сетевой маркетинг қой. Бірін-бірі сүйреу, кредитке тығу басталды", "Кезінде НЛ-мен біраз адамның ақшасын жеп еді, әлі тоймапты", "Алаяқтық қой, сенбеңдер", "Арты мәссаған, мен алдандым болып кетпесін", "Аңқау елге арамза молда", "Кейін былық болып шығып, Балғынбек Айнұрды танымаймын деп тұрма", "Халықты тонауды қоймапты", "Зауыт ашты ма десем, тағы бір пирамида ашыпты ғой", "Айнұр тағы да халықты қораға кіргізуді бастады", — деп жазды көпшілік. 

Талқылау