Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматшасы "К"-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

экстардация

"Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн. теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды. Қылмыс жасағаннан кейін азаматша "К" қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Қаңтар айында күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады", - делінген сенбі күні тараған ақпаратта.



4 наурызда Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматша "К"-ны біздің елімізге экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмыс жасағандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігін ескертеміз, деп қосты жауапты мекеме.

Талқылау