Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ақтаудағы ұшақ апатын тексеруге өз сарапшысын жібереді

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеруге өз сарапшысын жібереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Azamat Sarsenbayev

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өз сарапшысын жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

"Халықаралық азаматтық авиация ұйымы қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады. Чикаго конвенциясына мүше мемлекеттерді жан-жақты және тәуелсіз тергеуде ынтымақтастыққа шақырады. Барлық зардап шеккен мемлекеттерді шақыру бойынша тергеушілерге апат туралы барлық тиісті ақпаратты анықтау және осы қайғылы оқиғаға себеп болған немесе ықпал еткен кез келген ықтимал қауіпсіздік факторларын хабарлау міндеті жүктелген. Халықаралық тергеу тобына бақылаушы ретінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы сарапшысын жіберу арқылы тергеу жүргізеді”, – делінген хабарламада.



Еске салсақ, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе жолдары компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам аман қалды. Euronews, Reuters сияқты әлемдік басылымдарда Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болғаны туралы ақпарат жарияланды. Ақпаратты Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздер растаған. Ал Қазақстандағы ұшақ апатын зерттеу бойынша комиссия төрағасы, вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ апатының себебіне қатысты ешқандай нұсқаны растап немесе жоққа шығара алмайтынын мәлімдеді. 

Бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Әзірбайжанның сұрауымен түркиялық мамандар да қатысатыны туралы жазған едік. 

Талқылау