Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық соттайды": Айдарбекова елдің алдында жалаңаштанатын бикештерге ақылын айтты

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тәнін жалаңаштап, купальникпен түскен суретін жариялайтын шоу-бизнестегі бикештерге қарсы. Продюсер халықтың алдында биік болу үшін ар-ұятты бірінші орынға қою керектігін айтады. Түркияда демалып жатқан продюсер Instagram-дағы парақшасында жастарға ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елдің алдында жүргендіктен, әр сөзі мен ісі жіті назарда болатынын Айдарбекова жақсы біледі. Сондықтан жүрген жерінде аяғын аңдап басады.

"Халық соттайды ғой. Осы сөзіме жанымдағы қыздар біраз күліп алды. Шынында халқым жас болсын, егде болсын әр уақытта басқан ізіме мән беріп отыратыны бәріңізге аян. Кейде ренжісең, кейде қуанасың, аспанға да ұшырады, жерге де атып ұрады, тұжырымдай отырып, мен оларға керекпін деген ой көкейіңде тұрады. 



Түсіне білген адамға бұл сезімнің, соны сезінудің өзі қандай бақыт. 
Маған 2-3 адам сұрақ қойды, халық ертең не дейді деген сөзді көп айтады екенмін. “Сіз үнемі халық деген сөзді көп айтасыз, өзіңіздің қалауыңызша өмір сүргіңіз келмейді ма?” – деп. Шынымды айтсам, халықсыз мына әлем де, өмір де қызықсыз сияқты. 

Осы мінезімнің арқасында биікке көтерілдім, ұят деген сөзді балаларымның санасына құя алдым, отбасымды сақтап қала алдым, бауырларымды, анамды жерге қаратпадым, ең бастысы арқа сүйер азаматым, Нұрекеңе ең сұлу, ең сүйкімді әйел бола алдым. 

Анамыз табиғатымызға да миымызға да сіңдіріп қойған мінез ғой. 
Кейінгі кезде блогерлер өзіңнің қалауыңмен өмір сүр, ешкімді тыңдама дейді. Тыңдайтын адамдарың болса, тыңдаумен қатар, өзіңе ұнайтын өмірді де сүруге болады. Бір жағы саған сеніммен қарайды, ал сен сол сенімдерін аяққа таптағың келмейді, бұл тәрбие. Меніңше бірінші ар-ұят деген жүрегіңнің түбінде тұруы керек. Тұмшаланып жүремін деп мақтанбаймын, купальникпен суға оранбай түсемін, бірақ суретке, видеоға келгенде осылай енді", – деп жазба қалдырды ол.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 06 Қазан, 2021 17:03
Талқылау