Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халық емшілеріне қаралу қаншалықты дұрыс? Дәрігер жауап берді

Елімізде халық емшілері мен бақсы-балгерлерге сеніп, ауруын асқындырып алатындар аз емес. Тіпті осындай емшілерге барып соңында опық жеп жататындары тағы бар. Жалпы халық емшілері ғылыми медицинаның шамасы жетпеген дерттерді емдей ала ма? Кәсіби дәрігерлер бұған не дейді? Бұл сұрақтарға 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасында балалар хирургы Рамиль Қарасаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хирургтың айтуынша, ең алдымен, алғашқы көмекті медициналық білімі бар адамдардан алған дұрыс.

“Жазғы уақытта балалар көп жарақат алуына байланысты қазіргі медицинаның дамыған уақытында алғашқы көмекті дәрігерлік білімі бар адамдардан алған жөн. Өкінішке қарай, қазіргі таңда халық емшілерінің көбеюіне байланысты біздің азаматтарымыз бірінші кезекте сол халық емшілеріне жүгінуге мәжбүр. Сол себептен көптеген асқынулар, дәрігерге кеш қаралу сияқты жағдайлар жиі кездеседі. 



Ол кісілердің мамандандырылған арнайы дипломы жоқ болғандықтан, өз білгенін жасап арғы жағында қандай жағдай болғанын, қандай асқыну болғанын, нетижесі не болғанына мән бермейтінін көріп жүрміз. Көбінесе медицинада қаралған науқастарға қарағанда емшілерге қаралған науқастан көп шағымдана бермейді. Өйткені науқастар оларға өз еркімен барады. Сондай-ақ ол қаралған емшілердің кәсіби деңгейін анықтайтын құжат болмағандықтан заң алдында жауапкершіліктен қашып жатады”, – дейді дәрігер. 

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында 8 жасар бала сынықшының салғырттығынан бір қолынан айырылды. Дәрігерлер баланың қолын аман алып қала алмады.

Бұдан соң баланың анасы "тағдыры солай жазылған” деп айтып, емшіні жауапкершілікке тартпайтынын жеткізген болатын.

Талқылау