Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб қаза болған ресейлік боксшы жайында: Бұл спорт түрін жек көре бастадым

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ресейлік боксшы Максим Дадашевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Бұл жағдай спорттың ең басты нәрсе емес екенін, маңызды нәрселер бар екенін тағы бір дәлелдеді. Мұндай жаңалықтарды көрген сайын немесе естігенде, мен бір-бірімізді ұрып-соғатын осы спорт түрін жек көре бастаймын.

Барлығы уақытша - даңқ, ақша, және біздің бүкіл өміріміз, біз бәріміз осы дүниеден кетеміз, ешкім қалмайды. Ойлануға тұрарлық. Максимнің барлық туыстары мен достарына шыдамдылық тілеймін», - деп жазды Хабиб өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Ол өзінің нокауттары туралы бейнежазбаны және рингтегі боксшының соңғы минуттарын қоса жариялады.

Еске сала кетейік, ресейлік кәсіпқой боксшы Максим Дадашев жекпе-жектен кейін алған жарақаты салдарынан АҚШ-та қайтыс болған еді.

STAN.KZ
Жұма, 26 Шілде, 2019 14:26
Талқылау