Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хаби Алонсо: "Реалдың мақсаты айқын болды"

Фото: Getty Images

Хаби Алонсо "Қайратқа" қарсы ойынды қорытындылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойынынан кейін пікір білдірді. Кездесуде испандық клуб қазақстандық "Қайратты" 5:0 есебімен жеңді. Үш голдың авторы Килиан Мбаппе болды.

Алонсо команданың негізгі мақсатын атап өтті:

"Біздің айқын мақсатымыз болды — жеңіске жету. Алты ұпайдың алтауы жиналды. Көп гол соқтық. Ойыншылар сенімді ойнады".

Сонымен қатар ол Федерико Вальверде туралы ойымен бөлісті:

"Вальверде әрқашан дайын тұрады. Ол жанқияр ойыншы. Қажет болған жағдайда алаңға шығаруға болар еді. Маңыздысы — ойын уақытын дұрыс бөлу. Барлық футболшыға мүмкіндік беру қажет".

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 01:00
Талқылау