Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова өзіне ұқсайтын немересі туралы айтты

Қайрат Нұртас 10 жыл бойы жасырған құпиясы ашқан соң, Айдарбековтер әулетінің жасыратыны қалмады. Бүгінде әулеттің келіні Жұлдыз Әбдікәрімова ешкімнен тығылмайды, қайда барса да күйеуінің жанында жүреді. Алайда тыңдармандар Қайрат пен Жұлдыздың балаларын көруге асық.

Гүлзира Айдарбекова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында өзіне ұқсайтын немересі туралы айтты.

“Екінші қызым мен сияқты пысық. Түрі қатты ұқсамағанымен, мінезін бәрі маған ұқсатады. Апасының қызы деп айтады. Сол Алау қызым айтады: “Апа, болды ма енді, инстаграм аша берсек бола ма?” – дейді”, – дейді ағынан жарылып Айдарбекова.

Алайда азулы продюсер немерелерінің бұл өтінішін аяқсыз қалдырған. Себебі:

“Инстаграмда біреудің абыройын асырып, сені төмендету үшін көп адамдар ақша төлейді екен. Біз басында білген жоқпыз. Кейін естіп, жағамды ұстадым шынымды айтсам”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Әдейілеп жағымсыз пікір жазатындар бүгінде Жұлдыз Әбдікәрімоваға да жетіп үлгерген.

“Қазақстан бойынша, инстаграмда ең көп Жұлдызды оқиды екен деп жатыр. Енді қазір жарнама керек болса, бәрі Жұлдызға хабарласады. Бұл да бір жетістік шығар деп ойлаймын”, – деп мақтанды Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Науқас қарияға құрмет көрсеткен Димаш елдің жүрегін елжіретті (видео)

Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбекке арнап киім топтамасын шығарды (видео)

Әнші Бүркіт қайраткер атанғанын дүркіретіп атап өтті (фото)

Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)

Талқылау