Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Концертте сыйлық алмаған немерем еңіреп тұрып жылады

Отбасымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірін аралауға шыққан Қайрат Нұртастың гастрөлдік сапары аяқталуға жақын қалды. Бір айдан астам уақыт бойы балаларымен бірге сапарлатып жүрген әншінің басынан неше түрлі оқиға өткен. Әсіресе, үлкен сахнаға алғаш қадам басқан құлыншақтары талай қызыққа себеп болған көрінеді.

Гүлзира Айдарбекова

Гастрөлдік сапар кезіндегі қызықты хикаялар жайлы Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Отбасылық концертімізбен, ел аралаған кезімізде бірде xалықтың ықыласына қуансам, бірде жүрегім ауырған кездерімде көп болды. Неге екенін сіздермен бөлісе кетейін: Менің түсінгенім, немерелерімнің ойынша, кім жақсы орындайды соған xалық гүл, сыйлықтар беруі керек сияқты. Алғашқы күндері 3 немереме сыйлық беріп, біреуіне берілмей қалса: “Әкешім кешірші, мен дұрыс орындай алмай қалдым” деп өксігін баса алмай жылағандары да болды. Алауым ширақ, пысығырақ қой. Мен бір-екі мәрте сыйлық берілмей қалған кездерінде, өзіме берілген гүлді тығып қойып, солар шыққан кездерінде, саған беремін деп үлгере алмай қалыпты, менен бір апа беріп жіберді деп ұсынсам, мамасына келіп, мама, апам алдап тұр иә, неге бәрі үлгере алмай қала береді депті. Оған әбден Жұлдыз екеуіміз күліп алдық, соларды алдаймыз деп жүрген біз ақымақпыз деп.

Бірде мен өзіме берілген мамық қонжықты бергенмін Алауға, саған беруге тағы үлгермей қалыпты бір апа деп “ммм” деп Алауым алдап тұрғанымды білгендей қуанбай жәй ала салған, кейін қарасам, Ханға сыйлық берілмей қалды, апа менде, мынау саған деп алдап Ханға бере салсам болады ма қонжықты дейді, сөйтіп Ханға бермесі бар ма… Әйтеуір бір-біріміздің көңілімізді табамыз деп, актриса болып кеттік. Кейін бәрін түсініп, концерттің соңында бір-біріне бөлісетін болды, саxынаға өте еркін шығып, қозғалатынболды. Сондай бір-біріне деген мейірімділігі үшін жүрегім жылып сала берді. Әкелерінің абыройын ойлап, уайымдап, біреуінің көзінен жас шықса, бірі саxнаға шығарда қолы дірілдеп, кішкентай дейміз-ау, бірақ мен осы жолы, осы кішкентай жүректерімнен көптеген сабақ алдым. Ия, баршаңызға алғысым шексіз, сіз бақытты анасыз, сіздің жолыңызды бірге берсін деп жатасыздар. Армансыз адам бола ма? Менің арманым: осы менің періштелеріме тіл-көзден аман болсын, өмірлері ұзақ болсын деп, дұға етіп қойыңыздаршы. Мен үшін ең үлкен тілек, сіздерден күтетінім де осы жылы сөз ғана (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Тағы оқыңыз: 

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын

Жатақханада тұрған: Қазақстандық кəсіпкер белгілі қазақ ақынына Астананың төрінен пəтер алып берді

“Қазақстан” арнасы Меруерт Түсіпбаеваның әнін эфирден қиып тастаған: Әнші пікір білдірді

Рахман Омар жаңа туған ұлын Мейрамбек Бесбаевтың құрметіне атады (видео)

Талқылау