Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото: Скрин Khabar телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың мәліметінше, тергеу Гүлмира Сатыбалдыға ғана емес, басқа да тұлғаларға қатысты жүріп жатыр. 

"Агенттік шынымен де Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты "Восточка" көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу кезіндегі заңсыз әрекеттерге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр", – деді ресми өкіл. 



Ресми өкіл оған қандай бап бойынша іс қозғалып жатқанын нақтыламады. 

Еске салсақ, осыған дейін Назарбаевтың экс-келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімішыққан еді. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлмира Сатыбалдыға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. 

Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған. Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов оның нұсқауымен 2019 жылдың 13 ақпанынан шілдесіне дейін алты ай бойы өз еркінен тыс үйқамақта ұсталғанын айтып, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелін олардың ортақ бизнесі – Baur Kazakhstan АҚ активтерін тартып алды деп айыптаған.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 14:21
Талқылау