Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Губка ісі": Өзбекстанда ажырасқан экс-жұп соттан ыдыс жуатын матаны қайтаруды талап еткен

ажырасқан отбасы губка ісіФото: podrobno.uz

Өзбекстан ауылдарының бірінде отбасылық жанжал сотқа дейін жетіп, соңы күтпеген жағдаймен аяқталды. Себебі ерлі-зайыптылардың бірі сот орындаушылары арқылы ыдыс жууға арналған губканы қайтаруды талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Міндетті атқару бюросы мүлікті қайтару ісі туралы қызық оқиғаны баяндап берді. 

"Сот шешімімен бұрынғы әйеліне тізімде болғанның бәрі қайтарылды. Оған алты көрпеше, он екі фарфор ыдыс және басқа да заттар берілді. Олардың арасында қарапайым ыдыс жуатын губка да бар. Кейбірі үшін бұл жай ғана ұсақ-түйек болса, дауласушы тараптар үшін басты нысан саналады. Орындаушылар мүлікті талап еткен соң барлық затты, ыдыс жууға арналған бір дана матаны да қайтарды", – делінген хабарламада.

Енді қазір ауыл тұрғындары: "Махаббат кетеді, ал губка сот шешімімен қайтарылады" деп әзілдеп жүр екен. Ауыл тұрғындары реніш пен келіспеушіліктің салдарынан қарапайым заттардың өзі заң дауының нысанына айналатынын жеткізді. Сондай-ақ мұны "губка ісі" деп атады. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 15 Тамыз, 2025 10:15
Талқылау