Грузияның астанасында жарылыс болды
Тбилисидің орталығындағы жарылыстан бір адам қайтыс болды, үш адам жарақат алды. Бұл туралы Грузия ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Новости-Грузия басылымына сілтеме жасап.
Жарылыс бүгін түстен кейін Костава көшесіндегі Дежаву клубында болды. Үй-жайда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша сплит жүйесін орнату кезінде оттегі цилиндрі жарылған.
Жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты, үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді. Жарақат алғандардың арасында жөндеу жұмыстарын жүргізген екі жұмысшы, сонымен қатар клуб менеджері бар.
Жарылыс толқыны жақын тұрған үйлердің терезелерін құлатты. Қирандылар бірнеше ондаған метрге шашырады, кем дегенде екі көлік зақымданды, олар Амирани кинотеатрының жанында тұрған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен құтқару топтары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмылдырылды. Периметр қоршалған. Костава көшесіндегі автокөлік қозғалысы шектеулі. Тбилиси газ тарату компаниясы жарылыс газ әсерінен болды деген деректі жоққа шығарды.
"Жарылыс болған бөлме Tbilisi Energy-дің абоненті ретінде тіркелмеген және газ берілмейді", - делінген компанияның хабарламасында.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
