Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда атыс кезінде Қазақстан азаматы жараланды

Грузия астанасы Тбилисиде қазақстандық пен Грузия азаматы арасында жанжал болып, даудың соңы атыспен аяқталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: newsgeorgia.ge

Грузия бас прокуратурасының мәліметінше, 14 қараша күні Тбилисидегі Нино Жвания көшесінде итін серуендетіп жүрген Грузия азаматы Гурам Елизбарашвили мен баласы оқиға орнына жақын маңдағы балабақшаға баратын Қазақстан азаматы арасында жанжал шыққан. Грузиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дауға ер адамның балабақша аумағында итін серуендетуі себеп болған.

Грузияның бас прокуратурасы қақтығыс кезінде Гурам Елизбарашвилидің Қазақстан азаматына қарсы қарудан оқ атқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары Гурам Елизбарашвилиді оқиғадан кейін бірнеше сағаттан кейін тұтқындаған. 

Кейін Грузия ішкі істер министрлігі Грузия Қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және заңсыз қару алып жүру, 117 және 236-баптары бойынша тергеуді бастады.

"Ішкі істер министрлігі жүргізген тергеу нәтижесінде Тбилисиде 14 қараша күні сағат 08:50 шамасында Қазақстан азаматы С.М.-ның Нино Жвания көшесіндегі балабақшаға баланы тастап кеткеннен кейін айыпталушы Гурам Елизбарашвили арасында жанжал туындағаны анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан азаматы айыпталушыға балабақша аумағында ит серуендеткені туралы ескерту жасап, ол жанжалға ұласқан", – делінген ресми хабарламада.

Қақтығыс кезінде Гурам Елизбарашвили Қазақстан азаматына қарай атыс қаруынан бірнеше рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші екі аяғынан көптеген жарақаттар алған.

Грузияның ішкі істер министрлігінде қылмыстық тергеу жалғасуда.

Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Талқылау