Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузия бортында ақтөбелік ойыншылары бар ресейлік әуе компаниясының ұшағын қондырудан бас тартты

Грузия Еуропа Одағының санкцияларына байланысты бортында ақтөбелік ойыншылары бар ресейлік әуе компаниясының ұшағын қондырудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеше қазақстандық клубтың ойыншылары чартерлік рейспен Грузияға ұшуды жоспарлаған, бірақ Грузияның авиациялық билігі Ресейдің UVT AERO әуе компаниясының санкцияланған кемесін Кутаисиге қондырудан бас тартқан.

Азаматтық авиация агенттігінде бұрын айтылғандай, ресейлік әуе тасымалдаушысының ұшудан бас тартуы UVT AERO-ның санкциялар мен Еуропалық Одақтың қара тізімінде болуына байланысты. 

Футбол клубы бұған дейін ақтөбелік делегацияның ресейлік әуе кемесімен ұшуы бүкіл маршрут бойынша барлық уәкілетті құрылымдармен келісілгенін және әуе кемесінің түрі мен рейс нөмірі, әуе компаниясының меншік құқығын көрсететін құжаттар Грузия тарапына уақытында  жолданғанын хабарлаған болатын. Алайда, клубтың айтуынша, 26 шілде күні таңертең Грузияның авиациялық билігінің өкілдері Кутаиси әуежайына аталған ұшақты қондырудан бас тартатыны туралы хабарлама жіберіп, себебін түсіндірмеген.

Осыған орай "Ақтөбе" делегациясы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы Грузияның "Торпедосымен" Кутаисиде өтетін ойынға қазақстандық SCAT әуе компаниясының ұшағымен ұшып барған.

Талқылау