Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы белгілі болды

Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

27-28 маусым күндері Иорданияда күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Осы бәсекеде Қазақстан чемпионатын ұтқан 10 балуан өнер көрсетеді. Назарларыңызға ел намысы сынға түсетін дүбірлі дода өнер көрсететін жастар құрамының тізімін ұсынамыз:

55 келі: Ербол Камалиев (Алм обл)
60 келі: Бақытжан Қабдыл (Алм обл)
63 келі: Нұрсұлтан Базарбаев (ШҚО)
67 келі: Дияс Әскербай (ШҚО)
72 келі: Мерей Мәулітханов (Астана)
77 келі: Расул Жүніс (Алм обл)
82 келі: Альмир Төлебаев (Алм обл)
87 келі: Мақсат Сайлау (Астана)
97 келі: Бағдаулет Азамат (Астана)
130 келі: Асылбек Жәнібекұлы (Ақтөбе).

Айта кетейік, бұған дейін 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігінде белдесетін балуандардың белгілі болғанын жазған едік. 

Талқылау