Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Мемлекеттік білім грантына ілікпеген мектеп түлектері студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады.

2854558

Әлбетте, білім гранттарының саны шектеулі, түлектердің тек отыз пайызы тегін оқиды. Бұл дегеніміз, студенттердің көпшілігі ақылы негізде оқиды деген сөз, деп жазады Sputnik.

Сонымен, егер балаңыз мемлекеттік грантқа ілікпесе және оны оқытуға ақшаңыз болмаса, не істеу керек?

Студенттер мен түлектерге қолдау көрсету мақсатында білім беру кредиттерін кепілдендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске қосылған болатын. Осы бағдарлама бойынша оқуға түсетін түлек өзінің атына студенттік кредит ресімдей алады.

Студенттік кредит жылдық 10% пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейін кепілсіз беріледі. Кредитті кейін төлейді. Оқу кезінде және оқуды бітіргеннен кейін 6 ай студент тек кредиттің пайызын өтейді.

Кредит түлектің немесе студенттің өз атына рәсімделеді. Оқуды бітіргеннен кейін борышты ол өзі өтейтін болады.

Қазақстанның кез келген қаласында бұл мүмкіндікті пайдалануға болады.

Кредит алатын студентке мынадай талаптар қойылады:

  • ҚР азаматтығы;
  • ҰБТ/КТ қорытындысы бойынша үлгерімі 50 балдан кем болмауы тиіс;
  • қоса қарыз алушы болуы керек.

Кредитті алу қадамдары:

  • құжаттар жинау және өз қалаңыздағы банкке бару;
  • оң шешім қабылданғаннан кейін банкімен шартқа қол қоясыз;
  • шартқа қол қойғаннан кейін ақша колледждің/жоғарғы оқу орнының шотына аударылады.

Бұл мәселе бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстан бойынша 8 800 080 28 28 тегін қауырт желісіне хабарласыңыз.

Тағы да оқыңыз:

Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Науқас анасы мен інісін 13 жасынан асыраған қыз отбасымен далада қалды

Мұсылман ер адам тауып алған 30 млн теңгені иесіне қайтарған

Талқылау