Графолог жазуына қарап Тәуекел Мүсілімге “өзімшіл” деп баға берді
Ғылым дамыған заманда қолтаңбасына қарап адамның мінез-құлқы мен өзіне тән ерекшеліктерін ажырату қиын емес. Жуырда қазақстандық графолог жазуына қарап қыздардың сүйіктісі Тәуекел Мүсілімнің мінез-құлқына баға берді.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
«Сол жаққа еңкейіңкі жазылуы өз өзін өзгелерге таныта білетін шығармашылық тұлға, музыка немесе өнермен айналысатын адам екенін білдіреді. Жоғары қарай көтерілген қолтаңба адамның ширақ екенін білдірсе, соңғы сызығы бастапқы әріпке қайта қосылған. Ол қолтаңба иесінің өзімшіл адам екенін білдіреді. Егер қызметте, шығармашылықта үлкен жетістіктерге жетуді көздейтін болса, бұл жанның қолтаңбасына аздаған өзгеріс енгізгені жөн», – дейді графолог, профессор Сергей Алесковский.
Ал Тәуекелдің өзі ғылымның бұл түріне күмәнмен қарайтынын жеткізді.
«Сенемін деп айта алмаймын. Кейде дәл келіп жатады. Бірақ ол дұрыс нәрсе ма, ол жағын білмедім», – дейді актер.
Графологтың айтуынша, жоғары қарай көтерілген қолтаңба адамның ширақ, оптимист, қозғалшыш екенін көрсетеді. Әріптердің оралып, ерекше кейіпте жазылуы өзіне көңіл аударуды қалайтынын білдіреді. Арасында абзац қалдырмай қысып жазу секемшілдерге тән. Домалақ жазу өзін тұлға санайтындарға, өткен өкініштеріне қайырымсыз қарайтындарға және өзіне сенгіш, адалдықты сүйгіш, қуатты адамдарға тән екен.
Жіберіп алмаңыз:
Кәмшат Жолдыбаева желі оқырмандарын қырқыстырып қойды (фото)
Майкл Джексонның қызы әкесін кімнің өлтіргенін айтты
Қарақат Әбілдина үлкен ұлын ертіп Дубайға кетті (фото, видео)
Балғынбек Имашев әйелді жазалау үшін ерлерді «тоқал» алуға шақырды