Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Горбачевтің көмекшісі КСРО ыдырауының себебін айтты

КСРО-ның президенті Михаил Горбачевтің экономика жөніндегі көмекшісі Олег Ожерельев Кеңес Одағының құлауының басты себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

КСРО

Оның сөзінше, азық-түлік мәселесі КСРО-ның ыдырауына айтарлықтай әсер еткен. Бұл тұрғыда Ожерельев мемлекетте жүргізілген реформалардың да көмегі болмағанын айтады. 

1990 жылы тұрғындар демократия талап етіп немесе Горбачевтің билігіне наразы болғандықтан емес, азық-түлік тапшылығынан алаңға шықты дейді ол. 

“Дүкендер бос, азық-түлік табу мүмкін болмады”, – дейді Ожерельев.

Горбачевтің экс-көмекшісі КСРО-ның құлауына ауыл шаруашылығы мәселесі түрткі болғанын сөз етті. Айтуынша, егер мұндай қиындықтарды еңсергенде мемлекетті сақтау қалуға болатын еді.


Лукашенко КСРО-ның ыдырауына кінәлілерді атады

Талқылау