Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гонорары 10 есеге өсіп кетті": "Келінжан 6" сериалына "Қылышбектің" неге түспегені белгілі болды

Фото: Видеодан скриншот

Халық көңілінен шыққан “Келінжан” сериалының бас кейіпкері “Қылышбектің” алтыншы маусымда неге түспегені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жобаның бас продюсері, Гүлнұр Мамасарипова журналист Аман Тасығанға айтып берді.

”Алтыншы маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр бесінші маусымды өзім үшін жапқанмын. “Болды, осымен қояйық” деп. Өйткені, өте қиын болды. Адами тұғыдан сериалды жалғастыру мүмкін емес. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да өте қиын. Тіпті актерлердің гонорары әр маусым сайын 10 есеге өсіп отырды. “Келінжанның” бюджеті бірінші маусымдағыдан өзгерген жоқ. Халық сұрағасын түсірдік”, – деді продюсер.



Одан кейін халықтың сүйікті образына айналған “Қылышбек” алтыншы маусымда төбе көрсетпеді. Продюсер де себебін жасырмады. 

“Жоба басталайын деп жатқанда Рүстем Жаныамановқа жаздым. “Гүлнұр апай, қатысамын. Хабарласамыз” деді. Бірақ сол күйі жауап болмады. Мен оған барып жалынбаймын. Бір-екі рет жекесіне жаздым, оқып жауап қайтармады. “Келінжанмен” қатар бірнеше жобасы бір уақытта келіп қалған сияқты. Әркімнің өз таңдауы бар. Оны мен құрметтеуге міндеттімін”, – деді жоба авторы. 

Еске салайық,"Келінжан 3" фильмінің  үзіндісі елді шулатып, "Көгерген көзді көруден шаршадық" деп халықтың ашуына тиген еді. 

STAN.KZ
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 09:52
Талқылау