Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гонконгтағы өрт: Қаза тапқандар саны 83 адамға жетті

Фото: scmp.com

Гонконгтағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 83 адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жүздеген адам әлі із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Қаза тапқандардың арасында бір өрт сөндіруші бар. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Гонконг билігі өртке байланысты үш адамды абайсызда кісі өлтіру күдігімен ұстағанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, күдіктілер 52 мен 68 жас арасындағы ер адамдар, олар кешенде жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясында жұмыс істеген.

Жергілікті билік өртенген ғимараттардың сыртқы бетінде отқа төзімсіз материалдар табылғанын мәлімдеді.

“Компания басшылығының салғырттығы осы трагедияға алып келгенін, оттың бақылаусыз таралуына себеп болғанын көрсететін дәлелдер бар, нәтижесінде ауқымды апат орын алды”, – деді полиция өкілі.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, ол тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде басталған. 

Еске салсақ, бұған дейін Гонконгта 4000 адам тұратын тұрғын үй кешені түгі қалмай өртеніп кеткені туралы жазған едік. Тоқаев Гонконгтағы алапат өртке байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 21:31
Талқылау