Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің соңғы жекпе-жегі үшін қанша ақша алғаны мәлім болды

Boxingscene.com басылымы ұсынған инсайдерлік ақпарат бойынша Головкиннің польшалық боксшыға қарсы жекпе-жегі үшін кепілдендірілген ақысы жеті миллион долларды құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Головкин үшін Камил Шереметке қарсы жекпе-жек DAZN ағындық қызметімен келісімшарт бойынша алты жекпе жектің үшіншісі болуы керек еді. Және осы үшін бастапқыда 15 миллион доллар сыйақы алуы керек болған. 

Танымал журналист Майк Коппинджердің айтуынша, платформа басшылығы Шереметамен болған жекпе-жекті мұндай сыйақыға тұрмайды деп есептеген. 

Нәтижесінде екі тарап Головкиннің гонорарын жартысына жуық қысқартуға келісті. Сондай-ақ польшалық боксшымен болған жекпе-жек келісім шарттағы алты жекпе-жекке кірмейді депшешім қабылдады. Осылайша, Геннадий DAZN-мен келісімшарт бойынша тағы төрт жекпе-жек өткізуі керек.

Бастапқыда Dazn Головкиннің Шереметамен жекпе-жегіне қызығушылық танытпаған еді. Дегенмен, GGG өзі оны өткізуді талап етті, өйткені польшалық спортшы оның міндетті үміткері болды, ол оған жекпе-жек өткізуге уәде берген. 

Еске салсақ, 19 желтақсан күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин польшалық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Желтоқсан, 2020 17:06
Талқылау