Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің болашақ қарсыластары Лондонда кездесті (видео)

Мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес пен британиялық Әмір Хан Лондондағы Темза өзені жағалауында кездесіп, кездесу шарттарын орындады.

660a8b8ad7baacb9de52f67bad5f8974

Сурет vringe.com

Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды.

Бұл фотосессия арнайы пресс-тур аясында үш қалада – Лондон, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте өткізіледі. Бұл кездесуді қос боксшының компаниялары ұйымдастырып отыр. Екеуінің Лондонда кездескені туралы Әмір Хан өзінің инстаграмдағы парақшасында да жариялаған.

#CaneloKhan

Фото опубликовано Amir Khan (@amirkingkhan)

Еске сала кетсек, жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Боксшылар орта салмақтағы WBS белдігі үшін жұдырықтасады. Әзірге ол белбеу мексикалықтың еншісінде. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен былғары қолғап шебері қазақстандық Генадий Головкинмен кездесуге тиісті. 

Талқылау