Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкинмен болған жекпе-жектен кейін Брукке ота жасалмақ

Британиялық боксшы Келл Брук Головкинмен болған жекпе-жектен кейін ауруханаға түскенін хабарлады. Айтуынша, оған келер аптада ота жасалмақ.

новый коллаж

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

“Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін көп рахмет. Мен қазір ауруханадамын, келер аптада ота жасалады. Алайда барлығы тез арада дұрысталып, мен шаршы алаңға қайта ораламын. Жеңілгенім үшін кешірім сұраймын”, – деп жазады британиялық.

Головкин мен Брук арасындағы жекпе-жек қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні болды. Лондондағы кездесу отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Британиялықтың командасы Бруктың жеңілгенін мойындап, шаршы алаңға орамал лақтырады. Кездесу аяқтала салысымен Брук көзінің қатты ауырып тұрғанын айтып шағымданған. Тіпті, бір емес, бірнеше Головкинді көргенін айтқан.

Ал отандасымыз Генадий Головкин Лондон халқына алғыс айтты. “Лондон, рахмет сіздерге!” деп жазады ол өзінің инстаграм парақшасына.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

Талқылау