Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Головкинді сұлатып түсіремін": "Канело" үшінші жекпе-жек жайлы

Мексиканың бокс жұлдызы Сауль Альварес A Los Golpes бағдарламасына қонаққа барып, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы айтты.

"Бәрі Головкинге тіреліп қалғандай. Екеуміз 24 раунд жұдырықтасқанымызға қарамастан, неге бәрі қайта жекпе-жек өткізгенімізді қалайтынын түсінбеймін. 

Чемпиондық белбеуді жеңу үшін жартылай ауыр салмаққа көтерілдім, енді екінші орта салмаққа түстім. Мен үшін осы жетістіктерім маңызды. Бір адаммен қайта-қайта жұдырықтаса бергеннен гөрі, басқа мақсатыма жетудің жолын жасағанды дұрыс санаймын. 

Егер екеуміз қайта шаршы алаңға шықсақ, оны соққының астына алып, сұлатып түсіретініме сенімдімін. Бірақ ол кезде бәрі Головкин қартайып кетті дейді. 

Болашақта Головкинмен жекпе-жек өткіземін деп ойлаймын. Бірақ оны жеңген соң бәрі ол қартайды деп айтатынына сенімдімін", – деді "Канело".

Естеріңізде болса, Головкин мен "Канело" 2017 жылы алғаш рет жұдырықтасты. Бірінші жекпе-жекте екі боксшы тең түссе, екіншісінде Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Алайда қос айқастан соң бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешімімен келіспей, дау туған еді. 

Талқылау