Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин жекпе-жекке Джордан брендінің аяқ киімін киіп шықпақ (видео)

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдке қарсы кездесуде Майкл Джорданның бренді болып есептелетін эксклюзивті аяқ киімді киіп шықпақ.

98_qqkzvS20

Бұл туралы Вконтактедегі GGG парақшасы хабарлады.

Аяқ киім қара-көк түсті және GGG логотипі жапсырылған. Ертеректе қазақстандық боксшы Jordan Brand спорттық атрибуттар өндірісімен келісім-шарт жасасқан болатын. Бұл бренд әйгілі баскетболшы Майкл Джорданға тиесілі.

IOli50uk6wM

Қазақстандық боксшы осы жекпе-жектегі кездесуі үшін 2 миллион доллар сыйақы алады. Ал Головкин мен Уэйд арасындағы тартысты бәсекенің басталуына санаулы сәттер ғана қалды.

Ал бұл Генаның шаршы алаңға киіп шығатын қазақы ою-өрнекті шапаны.

85nSCwdEZVc

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы шаршы алаңға америкалық “Лос-Анджелес Рэмс” футбол клубының түсімен бірдей былғары қолғап киіп шығады.

ипма

Талқылау