Головкин: Менің жекпе-жегімді президент тамашалағанын естігенде жүрегім тулады
Геннадий Головкин Майқұдықтағы өзінің есімі берілген спорт кешенінде болды.
Оны бұл нысанның қаншалықты сұранысқа ие екені, онда келушілер қатары қанша, балалардың қандай спорт түрлеріне көбірек бейім екені қызықтырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Головкин облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесіп, олар аймақтағы балалар спортын дамыту төңірегінде әңгіме өрбітті.
Головкин облыс әкімімен кездесуі барысында Альвареспен өткен жекпе-жекте ерекше қолдау білдірген ҚР Президентіне алғысын білдірді. Спортшының айтуынша, бұл қолдау оған ерекше қажет болған.
«Бірінші кезекте мен мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осындай қолдау көрсетіп, жылылық сыйлағаны үшін алғысымды білдігім келіп отыр. Ол жекпе-жекті қалың жұрт көрді. Және де менің жекпе-жегімді тікелей эфир арқылы президент көргенін естігенде, менің жүрегім тулап, кеудемде әртүрлі толқулар болды. Бұл жанға жайлылық пен мақтаныш ұялататын өте тамаша жайт. Президентіміздің спортқа жанкүйерлік танытқаны барлық қазақстандықтар үшін де мақтаныш деп ойлаймын», – деді Геннадий Головкин.
Еске сала кетейік, WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Қарағандыға балалар ойын спорт алаңын сыйлаған болатын. Кешен оның туып өскен ауласы – Майқұдықтың 14-ші ықшам ауданында орнатылған.
Оқи отырыңыз:
Білім министрі: Оқулықтағы жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсіреміз
Павлодарда полиция капитаны майордың өзін ұрып-соғып, балағаттап кеткенін айтты
«Кетерде анамды қатты құшақтады»: Туыстары қостанайлық жігіттің өлер алдында қалай қоштасқанын айтты
Димаш қарттар үйіне барып жанкүйері болған қазақ ақсақалымен кездесті