Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер жүргізіле бастады

Golden Boy Promotions бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер екеуі Сауль Альвареспен қыркүйекте өтетін қарымта кездесуге қатысты келіссөздерді бастап кеткенін мәлімдеді.

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер жүргізіле бастады

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл үшін Альварестің VADA допингке қарсы бағдарламасынан өтуі маңызды шарт болған еді. Бүгін боксшы мен оның өкілі Эрик Гомес келіссөздің бұл бөлігінің орындалғанын ресми түрде мәлімдеді.

«Біз Томмен келіссөздерді бастап кетік. Бұл қарымта кездесудің өткенін қалаймыз және бұл дұрыс бағытқа қарай жасалған кезекті қадам болды. Әр белгілі боксшы жыл бойы VADA бағдарламасында тексерілуі керек», – дейді Оскар де ла Хойя.

Сонымен қатар ол «Канело» мен Головкиннің қазіргі уақытта бірін-бірі ұнатпайтынын айтты.

«Егер жекпе-жек қыркүйекте өтсе, анағұрлым қызықты болады. Енді олардың арасында нағыз шайқас басталды. Бұл сұмдық жекпе-жек болайын деп тұр. Алайда «Канело» бәрі-бір қыркүйекте рингке оралады. Бұл үлкен қадам. Біз үлкен кедергіден арылдық. Ендігі ешқандай сылтау жоқ. Головкин жұдырықтасқысы келеді. «Канело» да бұл жекпе-жектің өткенін қалайды», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Ақжүрек Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ

Жаңа әлем чемпионы Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалап отыр

Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты

Талқылау