Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуінің нақты уақыты аталды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің командасы келесі аптада кездесу өткізіп, алдағы қарымта кездесуді талқылайды деп күтілуде.
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі Мексиканың Тәуелсіздік күнінің қарсаңында, яғни 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда. Қазақстандықтар үшін бұл күн 16 қыркүйекке сәйкес келеді.
Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» бұған дейінгі жекпе-жегі де осы күні өткізілген еді.
Естеріңізге сала кетсек, 6 мамырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жұдырықтасып, 2 раундқа созылған жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда UEFA Суперкубогы өтуі мүмкін
Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты
Илья Ильин: Менің ереже бұзбай жеңгенімді қарсыластарым да біледі
Головкиннің соққысы жойқын: Мартиросян «Канелоға» қашып кетуге кеңес берді