Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мексикалық стильде би биледі (видео)

Виргин аралдарының былғары қолғап шебері Джулиус Джексон (19-2, 11 КО) төрт жыл бойы WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы болып жүр.

b4f86f8d-4abb-4d6d-8ed5-48efc86839e0

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

“Головкин үнемі бабында жүреді. Мен оның осымен төртінші жыл спарринг қарсыласы болып жүрмін. Осы төрт жылдың ішінде бірде-бір рет оның босаңсып жүргенін көргенім жоқ. Қазір ол нағыз бабында. Ал Джейкобс – өте жақсы боксшы. Оның техникасы мықты. Бұл оның ең бір мықты тұстары. Әйткенмен де ол Головкинді жеңе алады деп ойлаймын. Головкин оның осал тұстарын біледі. Жекпе-жек кезінде сол осал тұстарын жақсы пайдалануы керек”, – деді ол.

Ал алдағы жекпе-жекке қатысты ол, “Головкин 8 немесе 9 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетуі мүмкін” дейді.

“Шынымды айтсам, Головкинге қарсы шаршы алаңға шығу қиын. Мұндай қара күші бар боксшымен мен бұрын-соңды кездесіп көрген емеспін. Осы уақытқа дейін Головиннің жаттығуына шыдай алмай, біраз жігіт үйлеріне қайтып кетті. Ол бапкерлермен бірге түрлі тактиканы ойластырып жүреді. Ал рингте сол тактиканы жүзеге асырады. Дегенмен рингте оның шынында барлық күшін ортаға салмайтыны көрініп тұрады”, – дейді Джулиус Джексон.

Ал спаррингтен кейін егер ән қосылып тұрса, жақсылап билеп алатындарын да айтып қалды.

“Головкин мексикалық стильде билегенде тоқтамай күлеміз. Оның қимылы жаман емес. Бірақ тіпті кіші Рой Джонстың өзі биден Головкинді жеңіп кетеді”, – деді боксшы.

Еске салайық, Головкин – Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақал трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті “Қазақстан” және KazSport арналары көрсетеді.

Талқылау