Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкин ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалау туралы шақыру жолдады. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы айқас 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.

шақыру

«@gggboxin-тен шақырту алдым», – деп жазады Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық атақты боксшы, орта салмақтағы WBA(Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша  әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен IBF нұсқасындағы титул иегері британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасындағы айқас 10 қыркүйекте «Лондон Аренада» өтеді. Головкинның қарсыласы Келл Брук 69 келіге дейінгі орта салмақтағы жеңімпаз атанған соңғы боксшы.

Кездесу өтетін 20 мың адамға арналған аренаға билеттер бір мезетте сатылып кеткен болатын. Осыған орай, сарапшылар алдағы жекпе-жекті GGG-дің әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отыр деп санайды. Бокс мамандарының айтуына қарағанда, айқастың басты фавориті қазақстандық Головкин болып отыр.

 

Талқылау