Головкин IBA логотипі бар қолғапқа қолтаңба қоюдан бас тартты
Фото: instagram.com / gggboxing
Астанада өткен бокстан Әлем кубогы кезінде Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері, Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкинмен байланысты қызықты жағдай орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбада көрермендердің бірі GGG-ден қолғапқа қол қоюын сұрайды. Головкин қолғаптағы логотиптің қандай ұйымға тиесілі екенін нақтылайды. Жауап ретінде IBA екенін естіген соң, ол сыпайы, бірақ нақты түрде қолтаңба қоюдан бас тартады.
Жанкүйер бұл қолғапты туысынан сыйға алғанын айтып түсіндірмек болды, алайда бұл жағдай World Boxing ұйымының өкілі саналатын атақты спортшының шешіміне әсер етпеді.
Айта кетейік, IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) мен World Boxing арасында бұрыннан текетірес бар. Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-дан олимпиадалық жарыстарды өткізу құқығын алып, оны World Boxing ұйымына тапсырған болатын. Бұл ұйымның құрылуында Геннадий Головкин маңызды рөл атқарды.
Елордада өткен турнир дәл осы жаңа федерацияның қолдауымен ұйымдастырылды. Аталған сәтті "Қарағанды жаңалықтары" Instagram парақшасы жариялаған болатын.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
