Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне төрелік еткен төрешілердің бірі Аделаида Берд ірі әрі маңызды жарыстардан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Невада штатының Атлетикалық комиссиясының басшысы Невада Боб Беннет айтты.
«Әзірге оны маңызды жекпе-жектерге жібермеймін. Ол бұрынғыдай өз ісімен айналыса береді, алайда оған демалыс қажет. Себебі ол өте ауыр күнді бастан кешірді. Өкінішке қарай, қызметін жақсы атқарды дей алмаймын. Ол әділ баға бермеді», – деді Беннет Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, жекпе-жекті 118:110 есебімен мексикалық боксшының пайдасына шешкен төреші үлкен шу тудырды. Себебі тағы бір судья Дейв Моретти Головкинді жеңімпаз деп таныса (115-113), төреші Дон Трелла есепті тең бөлді (114-114).
Ақырында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі тең есеппен аяқталды.
Жіберіп алмаңыз:
Президент қазақстандық теннисшілерді Davis Cup әлемдік тобына шығуымен құттықтады
Ольга Рыпакова Ашхабадтағы V Азия ойындарында алтын медаль еншіледі
Көкшетаулық параатлет армрестлингтен әлем чемпионы атанды
GGG фанаттары Дженнифер Лопесті “Қазақстан” деп айғайлатып қойды (видео)