Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливудтық жұлдыздардан асып түсетін қазақстандық 7 сұлу

Елімізде сырт келбеттері голливудтық жұлдыздардан аспаса, кем түспейтін танымал бикештер жетерлік. Біз оларға қызыға да сүйсіне қараймыз әрі мақтан тұтамыз.

4587

Гәкку голливудтық жұлдыздардан асып түспесе, кем түспейтін қазақстандық арулардың тізімін жасады.

Кәмшат Жолдыбаева

1e8cf8fcc9f4dda8236a11ab697

Кәмшат Жолдыбаева қазақстандық шоу-бизнестегі ең тартымды сұлулардың қатарына кіреді. Алғашқыда сахнаға әнші болып шыққан Жолдыбаева соңғы жылдары өзін актерлік қырынан танытып, көрермендерін қуантып жүр. Ал сырт келбеті әрқашан мінсіз.

Динара Сұлтан

f2a36c576ad32418ee400c9f3cf

Бұл сұлуды төрт баланың анасы деп кім айтар? Динара Сұлтан шығармашылығын шыңдап, өмірдегі ең басты парызын орындап әрі сырт келбетін де мінсіз қалпында сақтап келе жатқан еліміздегі санаулы өнерпаздардың бірі.

Айдана Меденова

14063430_1410411252591829_1914716788_n

«Кеш you» тобының экс-солисі Айдана Меденованың сұлулығы қашан да ел назарында. «Ақылы көркіне сай» деп дәл Айданаға арнап айтылғандай. Меденованың табиғи сұлулығы әрқашан сәнді образдарымен ұштасып жатады.

Лидо

27cfb825c161069682fa1402f4a

Еуропалық стильді ұнататын әнші Лидо тыңдармандарын неше түрлі образдарымен қуантып келеді. Әдетте ел алдына әнші не етегі ұзын көйлекпен не минимализм стиліндегі образдарымен шығуды ұнатады. Ал күнделікті өмірде әнші қарапайым әрі сәнді киінеді.

Алтынай Төлембетова

f6f8f36b065cbf66a556a9d241d

Шоу-бизнес көшіне жаңадан қосылған топ «Сарынның» солисі Алтынай Төлембетова отандық шоу-бизнес сұлуларының қатарын толықтырды. Айта кетейік, биылғы жылы «Жаңа толқын» байқауына еліміздің атынан дәл осы «Сарын» тобы қатысқан болатын. Алтынай сахнада да, күнделікті өмірде де сәнді әрі қарапайым киінгенді ұнатады.

Әсел Сағатова

4f61d4e9f882ce2166cec5568d7

Әсел Сағатова – еліміздегі ең танымал актрисалардың бірі. «Рэкетир», «Ирония любви» фильмдеріндегі образдарымен танымалдылығы арта түскен актрисаның сырт келбеті де мінсіз.

Айсулу Әзімбаева

d77e57e8b3c06aaf6ee86f00eab

Айсулу Әзімбаева – өте дарынды актриса әрі оңтүстіс астанадағы ең тартымды бойжеткендердің бірі. Азия елінде дүниеге келгеніне қарамастан, Айсұлудың киіну стилі нағыз еуропалық бикештерге тән.

Жіберіп алмаңыз: 

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)

Талқылау