Гольфтан жүлде қоры 20 миллион доллар болатын турнир өтпек
Фото: USA Today
2025 жылғы 15 мамырда АҚШ-тың Шарлотт қаласында әлемдік гольфтің ең беделді турнирлерінің бірі — PGA Championship 2025 басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған жарысқа Рори Макилрой, Джон Рам және Скотти Шеффлер секілді әйгілі спортшылар қатысады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 20 миллион АҚШ доллары.
PGA Championship — The Masters, US Open және The Open Championship турнирлерімен бірге маусымдағы төрт басты жарыстың бірі болып есептеледі, Бұл жарыс әлемнің ең үздік гольфшілерін жинайды.
PGA Championship турнирінің соңғы чемпионы — америкалық гольфшы Зандер Шауффеле. Ол 2024 жылы өткен жарыста жеңіске жетті.
Турнир 2024 жылдың 16-19 мамыры аралығында АҚШ-тың Кентукки штаты, Луисвиль қаласындағы Valhalla Golf Club алаңында өтті.
Шауффеле жарысты жалпы 263 соққымен (−21) аяқтап, PGA Championship тарихындағы төрт раундтың жаңа рекордын орнатты. Ол ең жақын қарсыласы Брайсон Дешамбоны бір соққымен артта қалдырды.
Бұл жеңіс Шауффеленің мансабындағы алғашқы мэйджор титулы және PGA Tour турнирлеріндегі сегізінші жеңісі болды.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
