Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрінің экс-орынбасары Әбішевке қарсы Ғинияттың арызы негізінде қозғалған іс ол қызметінен кеткен соң жабылып қалды

Былтыр экс-денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз түсірген еді. Ғинияттың арызы негізінде қозғалған қылмыстық іс, ол министр қызметінен кеткен соң жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 2event.com

Бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев бір жыл бойы денсаулық сақтау министрлігі тыным бермегенін айтты.

"Бір жыл бойы менен ғана емес, әйелімнен де жауап алып, жұбайым мен менің телефонымды тәркіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы барлық әкімшілік билігін отбасыма қолданды. Бірақ олар айтқандай, ештеңе мәңгілік емес. Шамасы министр Ғиният қызметінен кеткеннен кейін, әкімшілік билік күшін жоғалтты. Ал іс бірден тоқтатылды", — деп жазды Әбішев.



Әбішев істің тоқтатылуы туралы ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бар екенін түсіндірді.

"Ғиният менің және әйелімнің үстінен полицияға арыз жазып, не көздеді екен? Бір жыл бұрын жұмыс істемейді деген платформаға қатысты өтінішті қарау барысында сол кездегі денсаулық сақтау министрі Ғиният пен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Балтабекова үстімнен полицияға арыз жазып, жаңадан қылмыстық іс қозғады. Бұл мені жаңа қылмыстық іспен қорқыту үшін жасалса керек. Өйткені сотта жұмыс істемейтін платформаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің барлық уәжі талқандалды", – деді бұрынғы вице-министр.

Ол істің тоқтатылғанын жақында білгенін айтты. 

"Бұл қылмыстық істің түпкі себебі жұмбақ күйінде қалып отыр", – деді Әбішев.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев қазіргі басқарма басшысы Ажар Ғинияттың өзінің үстінен полицияға арыз жазғаны туралы айтқан сөздерін түсіндіргені туралы жазған едік. 

Талқылау