Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда қымыз күні аталып өтті

Аса пайдалы сусынмен шөл басқан жергілікті тұрғындар қазақтың ұлттық тағамынан да ауыз тиді, күмбірлеген күй де тыңдап қайтты.

20160505061511

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Күмбірлеген қасиетті домбыраның қоңыр үні, ұлттық би, ойын осының барлығы қазақстандағыдай көрінеді. Германияда өткен қымыз мерекесіне онда тұратын қазақ дияспоралары мен немістер де, тіпті германияны паналаған жандар да келген.
– «Мен үшін танымды да қызық фестиваль болды. Еуропа елінде қазақтың ұлттық сусынынан ауыз тигісі келетіндер көп», – дейді Франкфурт тұрғыны Кристияне Елфнер.
«Мұнда 1997 жылы Қазақстаннан көшіп келген едік. Осы кезге дейін шыққан жерімізді ұмытқанымыз жоқ. Қазақстанды еске алғанда бауырларымызбен өзара қазақша сөйлесеміз. Етті де ұмытқанымыз жоқ. Реті келсе, ет асып жеп, шүйіркелесіп әңгіме-дүкен құрамыз. Мен осы мерекенің тұрақты қатысушыларының біріміз. Бүгін де қымыз ішу үшін 170 шақырымды артқа тастап келдік», – дейді Қазақстаннан қоныс аударған Валдемәр Адам.
Майндағы Франкфурт қаласының тұрғындары жылына екі рет қымыз күнінде осы жерге жиналады. Сусынның дәмі біздікінен өзгешелеу. Арнайы технологиямен дайындалады. Германияда ең ірі жылқы фермасы осы Цолмандар да бар. Қазақтың ұлттық сусынын 1959-жылы Цолманның әкесі рудолф алып келген.
«Жыл сайын қожалықта қазақтың ұлттық өнімі қымыз фестивалын өткіземіз. Әрі Германия бойынша мұндай арнаулы мерекені біз ғана жасаймыз. Себебі, аса пайдалы сусынды еуропалықтар да сүйсініп ішеді. Бір жағынан халықтың көңіл-күйі көтеріліп, жанына дәру болатын астан ауыз тиеді. Сондықтан осындай игі шара ұйымдастыратынымызға өзіміз де қуанамыз әрі мақтанамыз», – дейді шаруашылық иесі Гудрун Цолман.

Жіберіп амаңыз:

ЮНЕСКО өкілдері қазақтың қымызмұрындық жоралғысына тәнті болды

Талқылау