Германияда Қазақстанның тумасы құрдасын пышақтап өлтірді
Германияда ата-анасы Қазақстан тумасы болып табылатын Алекс М. есімді жеткіншек құрдасын пышақтап өлтірді.
Оқиға сейсенбі күні таңертең Германияның батысындағы Люнэн қаласындағы мектепте болған. Күдікті де, қаза тапқан да – бір мектептің оқушылары. 15 жастағы жасөспірім полицияға «мүлікке залал келтіру» туралы іс бойынша белгілі болған. Сол кезде әлеуметтік қызмет оған «агрессивті» деп сипаттама берген еді.
«Күдіктінің айтуынша, қаза тапқан жасөспірім оның анасына бірнеше рет жек көре қараған. Соған қатты ашуланған ол сыныптасының тамағына пышақ сұғып алған», – делінген Дортмунд прокуратурасы мен полициясының бірлескен коммюникесінде.
Қаза табушы мен күдікті Германия азаматтары, деп хабарлады Дортмунд полициясының баспасөз қызметінде. Сондай-ақ, ведомство шабуыл жасаған жігіттің ата-анасының Қазақстан тумасы екендігін растады, алайда олардың азаматтығы туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан. Алекс есімді күдікті сәрсенбі күні түсте сот алдында жауап беріп, оған адам өлтіргені үшін алдын ала қамауға алу туралы үкім шығарылған.
Тағы да оқыңыз:
2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтiмiне қатысты жәрдемақының мөлшері белгілі болды
180 мың теңге үшін өлтірген: Түркістанда айуандықпен өлтірілген мұғалім қазасының мән-жайы