Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия канцлері Ангела Меркель ресми түрде өкілеттігін тапсырды

Ангела Меркель ресми түрде Германия канцлері лауазымынан босатылды. Өкілеттігін тапсыру жайлы құжатты оған президент Франк-Вальтер Штайнмер табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

меркель

Меркельдің отставкаға кету рәсімі Бельвю резиденциясында өткен. 

Ангела Меркель президент Франк-Вальтер Штайнмердің өтінішімен құжатты алуға екі рет келді. Штайнмердің қолынан папканы алған соң Меркель өз орнына қайта отырған. Алайда президент Меркельді суретке түсу үшін екінші рет шақырған. 


Үкімет қашан отставкаға кетеді? Вице-премьер жауап берді


Ангела Меркель және Германия үкіметінің өзге де мүшелері жаңа канцлер сайланып, министрлер кабинеті жасақталғанша өз қызметтерін жалғастыра береді. 

Меркель канцлер лауазымына 2005 жылы сайланған. Ол жұмыс істеген уақытта Германияда төрт рет президент ауысқан. 
 

Талқылау