Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гепатит Б жұқтырып алдым": Жарылқап Қалыбай жанына батқан дерті туралы айтты

Фото: Сұхбаттан скриншот

“Жұлдыздар отбасы”, “Аңыз адам” журналдарының құрылтайшысы, журналист Жарылқап Қалыбай ауыр дертке шалдығу себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Медиа маманы журнал журналист Аман Тасығанмен сұхбаттасты. 

“Обыр деген жаман ауру бар ғой. Туыстарымның көбісі содан қайтыс болды. Мен обыр туралы ешқашан ойланып көрмеппін. Оның жүз түрі бар екен. Соның біреуіне қалай шалдыққанымды білмей қалдым. 2004 жылдары ота ажсатқан едім. Сол жерден Б гепатитін жұқтырып шықтым. Бұл бауырды 10-15 жылда циррозға жеткізетін ауру екен. Мен сонымен 20 жылдан астам жүріппін. 2020 жылы ковидпен ауырдым. Одан кейін обыр шықты. Осы аурумен алысып жүргеніме бес жыл болды. Түркияға да, Индияға да бардым", – деді ол.



Бүгінде журналистің еміне 250 мың доллар керек екен. Бір айда 3 миллион теңге ғана жиналыпты. Алайда кезінде жарқыратып танылуына көмектескен әншілердің ешқайсысы хабарласпаған. 

“Ешқандай әнші хабарласқан жоқ. Мен өзім ғылымның адамымын. ҚазҰУ-де сабақ беріп жүргенде студенттермен жұмыс істедім. Артық жұмыс көп болды. Жазушылар одағында кеш болады, студенттерді апару керек деді. Таңнан кешке дейін сол жақта жүремін. Оны істемесең, жұмыстан шығасың. Содан ол жұмысты тастап, газет-журнал шығардым. “Жұлдыздар отбасы” деген түрлі түсті газет шығардым. Бірінші бетіне Тоқтар мен Бейбіттің фотосын бастым. Халық дүрлігіп кетті. Алыпсатарлар хабарласып, тағы шығарыңызшы деді. Бір газеттің өзін 3-4 күн қайталап шығардым. Осылай тираж көбейе берді. Енді өмір болғасын түрлі жағдай болады. Саясатқа кеткеннен кейін әншілер менен қаша бастады. Олардың да кейбір әс-әрекеттері сыналып жатқанда мен де қосылып, растап отырдым. Оларға сол қылығым ұнаған жоқ. Әнші-әртістермен дос емеспін деп айта аламын”, – деді БАҚ өкілі. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 03 Қазан, 2025 15:09
Талқылау