Промоутер Головкинге лайықты қарсылас болатын жас боксшы пайда болғанын айтты
Промоутер және бұрынғы боксшы Барри Макгуиган 2018 жылдың мамыр айында өтуі ықтимал қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.
Промоутер Макгуиганның айтуынша, ол ирландиялық боксшы Билли Джо Сондерсті (26-0, 12 КО) Головкин мен Альварестің қарсыласы деп санамайды екен.
«Боксшы Головкин-Альварес кездесуінің жеңімпазы Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін. Мұндай ірі айқасқа шығу құқығын иеленсе де, жігіттер орта салмақта Сондерстен емес, 69,9 келіден ауысып келген Жермалл Чарлодан қауіптенгендері дұрыс», – деді Макгуиган Mirror басылымына берген сұхбатында.
Айта кетсек, Чарло (26-0, 20 KO) бір жыл бұрын бірінші орта салмақтағы IBF чемпионы атағын үшінші рет қорғады. Боксшы оның 5-раундында Джулиан Уилямсты нокаутқа жіберді. Мұнан кейін атақты қалдырып, 72,6 келі салмаққа ауысты және жазғы айқаста Хорхе Хейландты төрт раунда-ақ естен тандырған еді.
Оқи отырыңыз:
Хоккей: «Барыс» клубының бас бапкері қызметінен босатылды
Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады (фото)
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс маусымның бірінші матчтында жеңіске жетті
Танымал спортшылар қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады (видео)