Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин – “бокс королі” атанды

Қазақстандық спортшыға мұндай атақты беделді америкалық ESPN.com сайты берді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

photo_74135

Бұл рейтинг әлемдегі барлық салмақтағы боксшылар арасында жасалған. Сөйтіп, жүздеген спортшының ішінде Головкин үздік деп танылыпты.

Орта салмақтағы әлем чемпионының бірінші орында тұруының жөні бар. Өйткені, Головкин бокстан 37 жекпе-жекке шығып үлгерген. Және соның бәрінде жеңісті бермей келеді. Әрі ол қолғап түйістірген 33 қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Головкиннің кезекті жекпе-жегі жуырда ғана өткен болатын. 19-ыншы наурызда жерлесіміз Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен күш сынасты. Сөйтіп, қазылардың шешімімен қазақстандық боксшы тағы да жеңіске жетті. Десе де, бұл жолы жекпе-жек тым ұзаққа созылды. Бұл Головкиннің кәсіпқой бокстағы 12-інші раундқа дейін созылған алғашқы жекпе-жегі болатын.

Айта кетсек, «бокс королі» бірнеше ай бұрын Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Ол мұндай құрметке орта салмақтағы ең үздік нокаутшы ретінде ие болды.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Талқылау