Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ғажайыпқа толы үй": Шымкентте қолөнершілер отбасы туристерді таңдандыруда

Шымкентте Бейісбековтер отбасы өңірге қолөнершілер әулеті ретінде танылды. Олар түрлі материалдардан суреттер мен портрет салып, тері мен киізден бұйымдар жасайды. Сол арқылы жанұяның үйі көпшілік тамсана тамашалауға келетін галереяға айналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Күләш пен Болатбек училищеде танысып, кейін отбасын құрған. Мұндай ата дәстүрді дәріптеп, өнерді кәсіпке айналдырған отбасының балалары да қолөнермен айналысады. Айтуларынша, немерелерінің тілі шықпай тұрып, сурет сала бастаған.

“Шымкентке келгенімде осындай бір суретші отбасының барын естідім. Олардың көркем галереясын көру үшін ұшу уақытым жақындаса да келіп, көруге шештім”, – деді турист Разия Есенбаева.



Мұражайға ұқсайтын, іші ғажайыпқа толы үйге отағасы өзге де жас таланттардың туындыларын қоюға рұқсат еткен. Болатбек Бейісбеков елімізде өнерлілер көп болғандықтан, мұндай орталықтар санын да көбейту керек екенін айтады.“Бізде қолөнершілер көп. Тек өкініштісі, мемлекеттен қолдау күтіп жүрміз. Өзбекстан, Қырғызстанды қарасақ, оларда үкімет тарапынан қолдау болғандықтан өнерлері мен туындыларын кең насихаттайды”, – деді Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Болатбек Бейісбеков.

Үлкен шығармашылық отбасынан шыққан шеберлер бір-біріне кедергі келтірмейді. Керісінше бір-бірін шабыттандырады. Олар бірге көрмелерге, конференцияларға барып, сонымен қатар сабақ береді. Мұның бәрі – бір әулеттің әдемі көрінісі.

Талқылау