Газа қаласында ашаршылық жүріп жатқаны ресми түрде расталды
Фото: Getty Images
Газада ашаршылық жүріп жатқаны ресми түрде расталды. IPC ұйымы осындай қорытындыға келді. IPC ұйымы – белгілі бір аймақта ашаршылықтың бар-жоғын, оның сипатын анықтау және оны жоюдың шешімдерін ұсынуды мақсат тұтатын, БҰҰ агенттіктерін, гуманитарлық ұйымдар мен бірқатар елдің үкіметтерін біріктіретін жаһандық бастама. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұма күні ұйым көлемді есебін жариялады, онда Газа секторы астанасындағы ашаршылық қолдан жасалғаны, сондықтан оны кез келген уақытта тоқтатуға болатыны айтылған.
Осылайша Таяу Шығыстағы ашаршалық алғаш рет ресми түрде расталып отыр.
IPC мәліметтеріне сүйенсек, бүкіл сектор бойынша "қазірдің өзінде жарты миллион адам аштықпен, кедейлікпен және өліммен бетпе-бет келген". Ұйым қыркүйек айының соңына қарай ашаршылық Дейр әл-Балах пен Хан Юнис аймақтарына тарайды деп болжайды.
IPC ұйымы бүкіл сектор аумағы бойынша аштықтан өлім көрсеткіші бірнеше күнде көбейеді деп ескертеді.
"Пікірталас пен жалтақтау уақыты аяқталды, аштық бар және тез таралады. Шұғыл және жаппай әркет ету қажет екеніне ешкім күмәнданбауы керек. Бірнеше күндік іркілістің өзі аштыққа байланысты өлім көрсеткішінің өсіп кетуіне әкеп соқтырады", – делінген құжатта.
Ал гуманитарлық көмекке жауапты Израиль үкіметінің аумақтардағы әрекеті жөніндегі үйлестіру комитеті IPC тұжырымдары "ХАМАС лаңкестік ұйымы ұсынған толық емес және біржақты деректерге" негізделгенін мәлімдеді.

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
