Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Газа бойынша келіссөзге дайындалып жатқан": Мысырда Қатар елшілігінің қызметкерлері қаза тапты

Фото: istockphoto

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында жол апаты болып, салдарынан Қатар елшілігінің үш қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол апаты елшілік қызметкерлері мінген көліктің жоғары жылдамдықта дөңгелегі жарылу салдарынан орын алған.

Телеарна таратқан ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқандар ресми дипломаттар емес, олар Газа бойынша бейбіт келісімге қол қою рәсіміне қатысатын Қатар делегациясының тұратын жері мен тамағын ұйымдастырумен айналысқан қызметкерлер болған.

Оқиға Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы Газадағы атысты тоқтату жөніндегі саммитке бір күн қалғанда орын алды. Саммит 13 қазан күні Мысырда өтеді. Шараға 20 елдің көшбасшылары шақырылған.

ХАМАС қозғалысының өкілі Хоссам Бадран ұйым басшылығының саммитке қатыспайтынын айтты. Қозғалыс келіссөздерде Қатар, Мысыр және Түркия делегациясына сенім білдіретінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келген еді.

Дана Русланқызы
Жексенбі, 12 Қазан, 2025 11:32
Талқылау