Газ педалін кірпішпен басып қойған: Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті ұсталды
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданды, деп мәлімдеді бас прокуратураның бірінші қызметінің басшысы Елдос Қилымжанов сейсенбі күні өткен брифингте. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елдос Қилымжанов Қызылорда облысындағы күдіктілердің бірінің ісіне назар аударды. Ол аса ауыр қылмыс жасаған. Оның ісі қылмыстық әрекет деп бағаланды.
- "Тоқтамаған соң, аттық" деп жауап берген": Заңгер қаңтар оқиғасында оққа ұшқан отбасына қатысты тергеудің созылып жатқанына билікті айыптады
- "Есікті ашпасаңдар өртеп жібереміз деді": Қаңтар оқиғасы кезінде ұшақта қалып қойған пилот шабуыл туралы айтып берді
"5 қаңтар күні Қызылордада ол және оның серіктестері Ұлттық ұланның КамАЗ көлігінің жүргізушісін қатты соққыға жыққан. Содан кейін күдікті әскери техниканың рөліне отырып, газ педалін кірпішпен басып, көлікті әскери қызметкерлер қоршауына қарай бағыттаған, ал қылмыскер өзі КамАЗ кабинасынан секіріп кеткен. Көлік жоғары жылдамдықпен әскерилерді қағып өтіп, салдарынан мерзімді қызметтегі жауынгер Қайсаров қаза тапты. Ол биыл 20 жасқа толар еді", – деді Қилымжанов.
Айта кетейік, Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 721 адам күдікті деп танылып, оның 281-і қамауға алынды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”