Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гауһар сақина, көлік және яхта": Миллионердің әйелі күйеуіне бағалы сыйлықтар үшін ғана бала туып беруге келіскен

Дубайдағы криптовалюта трейдері, миллионер Рикки Андраденің әйелі оған тек сәнді сыйлықтар, жылжымайтын мүлік, көлік пен зергерлік бұйымдар сыйлағанда ғана бала тууға келіскен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ерлі-зайыпты Линда Андраде небәрі 16 жаста болғанда кездесті, ал Рикки асханада ыдыс жуып ақша тапқан. Қазіргі таңда  23 жастағы әйел дәулетті өмір сүруде. Ол тұңғышын дүниеге әкелу үшін жұбайынан көптеген қымбат заттарды талап етті.

Жүкті әйел күйеуіне бірнеше сыйлықтың тізімін ұсынды. Линда бірінші қалаған нәрсе – жаңа гауһар сақина. Ол гауһардың түсі баланың жынысына сәйкес келуі тиіс екенін айтты, яғни қыз болса – қызғылт-сары, ұл болса – көк. Сыйлық ретінде Линда жаңа зәулім үй мен "жаңа инвестициялық пәтерді" талап етті.



Миллионердің әйелі 300 мың доллардан асатын Lamborghini және McLaren 720s көліктерін қалайтынын айтты. Сонымен қатар оған жаңа G Wagon мамамобиль қажет. Көліктерден басқа Линда оның құрметіне жаңа яхтаны атауды сұрады.

Әйел жүкті кездінде күн сайын раушан гүлдерін жеткізіп, спа, массажын төлеп, еркелетіп жүруін талап етті. Әр түні романтикалық кеш ұйымдастырып, жүктіліктің әр триместрінде жаңа Rolex сағаттарын бергенін қалайды.

Линданың бұл қалауларына желі қолданушылары түрлі реакция білдіріп, бірі сынаса, бірі қолдады. 

Ол сындарға былай жауап берді: “Адамдар маған қателесетінімді айтты, бірақ осы қате түсінік мені миллионердің әйелі етті".

Талқылау